Әдетте жеке меншік балабақшалардың ақысы, мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың дәл осындай қызметтерімен салыстырғанда, он есе, ал кейде тіпті жүз есе артық болады. Дегенмен көптеген жағдайларда жеке меншік балабақшалар – ерекше білім беру өнімін немесе күтімін талап ететін балаларға арналған жалғыз балама. Әсіресе мемлекеттік ұйымдардың жетіспейтінін ескеретін болсақ. Жер учаскелерін бөлу және мемлекеттік балабақшалар құрылысы – бұл тым ұзақ әрі қымбат шара.
Осыған орай мемлекеттің атынан Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі кәсіпкерлерді жеке меншік балабақшаларды ашуға ынталандырады және оларды белсенді дамытады. Осы мақсатпен жеке меншік балабақшаларға ата-аналар төлемінің құнын өтеу үшін арнайы қаражат бөледі. Осындай балабақшалар мемлекеттік тапсырысы бар жеке меншік балабақшалар деп аталады.
Мемлекеттің тапсырысы бар жеке меншік балабақшалардың толықтай коммерциялық топтары (оның төлемін балабақша реттейді) және мемлекеттік тапсырыс есебінен қаржыландырылатын топтары да болуы мүмкін. Мемлекеттік тапсырыс жеке меншік балабақшаның шығындарын жартылай ғана өтейтінін ескеретін болсақ, мұндай топтардағы төлем мемлекеттік ұйымдардан айтарлықтай жоғары болып келеді. Алайда толықтай коммерциялық топтармен салыстырғанда, едәуір аздау болып табылады.
Балабақшадағы орындар жеткіліксіз болған жағдайда, мемлекеттік тапсырыспен жеке меншік балабақшалар халықтың қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Және көптеген азаматтарымызға жеке меншік балабақшалардың қызметтеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Бірақ қазіргі таңда жеке меншік балабақшаларға мемлекеттік тапсырыс 3 жастан асқан және одан үлкен жастағы балаларға ғана республикалық қаржылық трансферттер арқылы бөлінетінін ескеру қажет. Кіші топтарға мемлекеттік тапсырыс бюджет болған жағдайда, жергілікті билік қаражаты есебінен қамтамасыз етілуі тиіс.
Осы мақала жазылғанда елдегі санаулы әкімдіктер ғана 2 жастағы балаларға және бөбекжай топтарына білім беру тапсырысына қаражат бөлетіні айқындалды. Сондықтан іс жүзінде бүкіл еліміз бойынша мемлекеттің тапсырысы бар жеке меншік балабақшалар 3 жастан асқан және одан үлкен балаларды ғана қабылдайды.
<>