Көмек және қолдау

Порталмен жұмыс істеудің пайда болатын сұрақтарына сұрақтар мен жауаптар

Көмек

Өтініш берушінің байланыс деректерін қалай дұрыс көрсету керек?


Кезекке қою туралы өтінішті бергенде Indigo жүйесінде міндетті түрде екі мобильді телефон нөмірін көрсету қажет.

Әдетте екі ата-ананың телефон нөмірлерін көрсету ұсынылады. Алайда отбасы толық болмаса да, Indigo бәрібір екі нөмірді талап етеді. Бұл бір ата-ананың екі нөмірі, жақын және сенімді адамдардың телефон нөмірлері болуы мүмкін.

Телефон нөмірі – бұл ақпараттық жүйе мен өтініш берушінің кепілдік берілген жалғыз байланыс арнасы. Сондықтан телефон нөмірлерін жоғалтпау керек, ал жоғалған жағдайда қалпына келтіру қажет. Сондай-ақ телефон нөмірлерін резервке қою. Өйткені Indigo әрқашан байланыс үшін екі нөмірді көрсетуді талап етеді.

Әдетте әр түрлі мобильді операторлар қызмет көрсететін телефон нөмірлерін көрсетуді ұсынамыз. Мысалы, бір нөмір – KCell, екіншісі – Beeline болуы мүмкін. Өйткені мобильді операторлар кез келген уақытта техникалық жұмыстарды жүргізуі мүмкін, бұл жұмыстар өз кезегінде хабарламаларды жеткізу жылдамдығына әсер етуі мүмкін. Бұл жайт балабақшада орындар босаған сәтте өте маңызды болуы мүмкін.

Сондай-ақ қазақстандық операторлардың мобильді нөмірлері, азаматтарымыз көрсетіп үйренгендей 8-ден емес, ал +7 префиксінен басталатынына назар аудару қажет. «8» ел ішінде ғана істейтін жергілікті префикс екенін ескеру қажет. Өтініш беруші шетелде болғанда, жүйе бұл нөмірге sms жібере алмайды. Сондықтан префикстерді халықаралық талаптарды сақтай отырып, атап айтқанда, +7 префиксін көрсету ұсынылады.