Көмек және қолдау

Порталмен жұмыс істеудің пайда болатын сұрақтарына сұрақтар мен жауаптар

Көмек

Indigo арқылы кезекке қою туралы өтінішті қалай беруге болады?


Indigo жүйесі арқылы кезекке қою туралы өтінішті беру үшін жүйенің web-порталына өту керек. Порталдың мекенжайын әр қаланың білім басқармасынан немесе бөлімінен сұрауға болады.

Электрондық өтінішті толтыру кезінде Indigo:

  • өтініш берушінің байланыс деректерін көрсетуді талап етеді
  • өтініш беруші мен баланы сәйкестендіруді жүргізеді
  • жеңілдіктердің бар-жоғын тексереді
  • электрондық хабарламалардың теңшеулерін көрсетуді ұсынады

Өтініш беру үшін Indigo электрондық-цифрлық қолтаңбаны пайдалануды талап етпейді, оның орнына өтініш берушінің мобильді телефон нөмірлеріне sms арқылы жіберілетін бір реттік құпиясөздер қолданылады. Indigo-да өтінішті стационарлық компьютерден және мобильді телефоннан беруге болады.

Өтініш берушінің байланыс деректері . Өтініш беру үшін кем дегенде жұмыс істейтін екі мобильді телефон нөмірін және электрондық поштаның мекенжайын (бар болса) көрсету қажет. Бұл телефон нөмірлері келешекте өтініш берушіге өтінішті өңдеумен, балабақшаға қабылданумен және баланың балабақшаға баруымен байланысты оқиғалар туралы хабарлау үшін қолданылады.

Өтініш беруші мен баланы сәйкестендіру . Дербес деректерді сәйкестендіру үшін өтініш беруші өзінің ЖСН және өтініш берілетін баланың ЖСН көрсетуге тиіс. Көрсетілген ЖСН бойынша Indigo жүйесі электрондық дерекқорлардан өтініш беруші мен баланың төлқұжат мәліметтерін және туу туралы куәлік туралы мәліметтерді автоматтық түрде алады. Сол себепті құжаттардың қағаз нұсқаларының көшірмелерін қосудың қажеті жоқ.

Жеңілдіктерді тексеру . Заңнаманың талаптарына сәйкес мынадай жеңілдіктер санаттарының бірі болса, баланың кезекте орын алуға басым құқығы бар:

  • әскери қызметшілердің және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің балалары, оның ішінде қызмет өткеру кезінде қаза болған, қайтыс болған немесе із-түссіз жоғалған қызметшілердің балалары;
  • ерекше білім беруді қажет ететін балалар;
  • заңды өкілдері мүгедек болып табылатын балалар;
  • ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • жетім балалар;
  • көп балалы отбасылардан шыққан балалар;
  • мүгедек баласы бар отбасылардан шыққан балалар;
  • заңды өкілдері педагог болып табылатын балалар.

Кейбір санаттар үшін растайтын құжаттың скан-көшірмесін қосу қажет. Қалған жағдайларда Indigo баланың сол не басқа санатқа тиесілігін автоматтық түрде анықтайды. Яғни, ешқандай құжаттарды қосу қажет емес, барлық қажетті ақпарат көрсетілген ЖСН-ға сәйкес электрондық дерекқорлардан алынады

Электрондық хабарламалардың теңшеулері . Өтініш берушімен әрі қарай байланыста болу үшін жүйе өзіңізге ыңғайлы коммуникация тәсілін (sms/email) және электрондық хабарламалардың тілін көрсетуді сұрайды.

Соңында Indigo өтініш берушіге барлық жиналған мәліметтерді көрсетеді, оларды растауды сұрайды және электрондық хабарламаны көрсетілетін қызметті берушіге жібереді. Көрсетілетін қызметті берушінің жағында бұл өтінішті Indigo автоматтық түрде 1-5 минут ішінде тіркейді. Кезектің реттік нөмірімен өтініштің табысты тіркелгені туралы хабарлама өтініш берушіге бірден тіркелгеннен кейін жіберіледі (sms/email).

Келешекте өтініштің жеңілдіктер туралы ақпарат және байланыс деректері секілді мәліметтерін Indigo жеке кабинетінде өз бетімен немесе білім бөлімінде жаңартуға немесе өзгертуге болады.