Көмек және қолдау

Порталмен жұмыс істеудің пайда болатын сұрақтарына сұрақтар мен жауаптар

Көмек

Мектепке дейінгі ұйымға кезекке қою туралы өтінішті беру қағидалары


Осы Қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) заңнаманың талаптарына және осы интернет-портал жұмысының техникалық ерекшеліктеріне негізделетін, өтінішті беру рәсіміне қатысатын тараптар жауапкершілігінің және білімдердің қысқаша жиынтығы.


Қағидалар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жария оферта шартының бір түрі болып табылады. Бұл дегеніміз осы ережелеремен келіскенін растаған пайдаланушы ескертулерсіз және ерекшеліктерсіз оларды толық көлемде орындауға міндеттенеді.


Преамбула:


10 - 1. «Мектепке дейінгі ұйымға кезекке қою туралы өтініш беру» қызметінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметінің мәртебесіне ие. Аталған процесті нормативтік реттеудің барлық туындайтын салдарларымен.

10 - 2. Қағидалардың ережелері осы мемлекеттік көрсетілетін қызметпен байланысты нормативтік актілер талаптарының толыққанды сипаттамасы болып табылмайды. Сондықтан пайдаланушының Қағидалармен келісуі оны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын өз бетімен оқу, қолдану және сақтау үшін жауапкершіліктен босатпайды.

10 - 3. Қағидалар заңнама мен интернет-порталдың жетілу процестеріне орай өзгеруі мүмкін. Бұл ретте, Қағидалардың кез келген өзгерістері пайдаланушы тараппен келісілмей, оларды жариялау сәтінен бастап күшіне енеді.

10 - 4. Пайдаланушы Қағидалардағы өзгерістер туралы пайдаланушының жеке кабинетіндегі оқиғалар таспасына тиісті хабарламаны жіберу арқылы хабарлануы мүмкін.

10 - 5. Қағидалардың өзгерістерімен келіспеген жағдайда, пайдаланушы интернет-порталдың жеке кабинетін пайдаланып, өз өтінішін кезектен қайтарып алуға және оның қолданылуын тоқтатуға құқылы.


Өтінішті беру көздері:


10 - 6. Пайдаланушы қызмет көрсетуші оған қамтамасыз еткен кез келген тәсілдермен өтініш беруге құқылы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына кепілдік береді. Мәселен, осы интернет-портал, EGOV порталы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ арқылы және қызмет ететін басқа тәсілдер.

10 - 7. Өтінішті беру тәсіліне және нысанына (қағаз/электрондық) қарамастан кез келген өтініш электрондық түрге айналдырып, аталған интернет-портал арқылы өңделу үшін қызмет көрсетушіге жіберіледі.

10 - 8. Қағидалардың ережелері өтінішті қалыптастырған ақпарат көздеріне қарамастан өтінішті берудің кез келген тәсілдері мен нысандары үшін жарамды. Осы интернет-порталды өтінішті беру үшін қолданған жағдайда, оферта акцепті өтінішті тіркеуге жіберуге дейін орын алады. Өтінішті берудің өзге көздері қолданылған жағдайда, оферта акцепті өтініш тіркеуге түскен сәтте орын алады.

Талап етілетін ақпарат:


10 - 9. Осы интернет-портал өтінішті электрондық түрде беруге ғана мүмкіндік береді және пайдаланушыдан мына ақпаратты талап етеді:
  1. ұялы телефонның қолданыстағы нөмірі;
  2. заңды өкілдің ЖСН;
  3. баланың ЖСН;
  4. жеңілдіктердің болуын растайтын құжаттар.

Порталда алдын ала тіркелудің қажеті жоқ.

10 - 10. Мобильді номірдер өтінішті беру процесінде бір реттік құпиясөздерді жөнелту үшін пайдаланады. Әрі қарай, кезекке қойғаннан кейін, нөмірлер пайдаланушының жеке кабинетін іске қосу және электрондық хабарламалардың кейбір түрлерін жөнелту үшін қолданылатын болады.


10 - 11. Өтініш берушіге тиесілі емес ұялы телефон нөмірлерін көрсетуге тыйым салынады.


Кезектерді құру ерекшеліктері:


10 - 12. Интернет-порталмен тіркелген өтініштер баланың туған жылы бойынша кезектерге ұйымдастырылады. Кезектің ішінде өтініштер бір-біріне қарай алдымен жеңілдіктің түрі бойынша, одан кейін өтінішті беру күні (миллисекундқа дейінгі дәлдікпен) бойынша сұрыпталады. Жеңілдіктер кезектен тыс (арнайы органдар қызметкерлерінің және әскери қызметшілерінің балалары) және бірінші кезектегі (заңнамада белгіленген әлеуметтік жеңілдіктердің тізімі).

10 - 13. Өтініштердің кезектері елді мекенге тиістілігі бойынша ұйымдастырылады, яғни жалпы қалалық болып табылады. Нақты мектепке дейінгі ұйымға кезекке қоюға рұқсат етілмейді.

10 - 14. Кезекке қою туралы өтініш жалпы білім беретін немесе түзеу кезегіне берілуі мүмкін. Жалпы білім беретін кезек жалпы білім беретін мектепке дейінгі ұйымға қабылдауға арналған. Түзеу кезегі ерекше қажеттіліктері бар балала үшін білім беру саласындағы арнайы мектепке дейінгі ұйымдарға (немесе түзеу топтарына) қабылдауға арналған.


10 - 15. Кезек күн сайын өзгеруі мүмкін мәліметтердің динамикалық алқабы болып табылады. Кезекке үнемі жаңа өтініштер түсіп жатады, қолданыстағылар жойылады, өтініш берушілер жеңілдіктерінен айырылады немесе алады, стоп-парақтан кезекке қайта тұрғызылады, сондай-ақ көптеген басқа оқиғалар орын алуы мүмкін. Осы өзгерістердің барлығы өтініш беруші кезегінің нөміріне әсер етеді. Ол ұлғаю жағына да, кему жағына қарай да үнемі өзгеруі мүмкін.

10 - 16. Кезектің нөмірін төмендету үшін кезекті тазарту немесе мектепке дейінгі ұйымдарға орын бөлу арқылы қамтамасыз етілетін, кезектен өтініштердің жаппай шығуы қажет. Егер өтініштердің шығуы үшін шарттар қамтамасыз етілмесе, кезектің нөмірі ұлғаю жағына қарай қарқын қозғалуы мүмкін. Әдетте, бұл кезекке жеңілдіктері бар азаматтардың келуінің салдары болып табылады. Теріс бағытта кезектің қозғалуы 1 және 2 жастағы балалардың кезегіне тән, өйткені олар үшін мемлекеттік тапсырысы бар мектепке дейінгі ұйымдар жоқ.


Өтінішті беруге қойылатын шектеулер:


10 - 17. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаға өтініш беру психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияда алдын ала тексерілгеннен кейін ғана және тиісті қорытынды болған жағдайда ғана іске асырылады. Бұл қорытынды өтінішпен бірге ұсынылады.

10 - 18. Қазақстан Республикасының аумағында жалпы білім беру кезегіне баланың бір өтініші ғана болуы мүмкін. Және Қазақстан Республикасының аумағында түзеу кезегіне бір ғана өтініші болуы мүмкін. Бұл ретте, бір мезгілде екі өтініштің болуына жол беріледі: біреуі – түзеу кезегіне және екіншісі – жалпы білім беретін кезекке.

10 - 19. Егер бала мектепке дейінгі ұйымға барып жүрген болса, кезекке қоюға өтінішті беруге болады. Бұл ретте, егер баланың жасы 6 (алтыға) толған болса, кезекке қоюға тыйым салынады.

10 - 20. Баланың тұрғылықты жері кезекке қою туралы өтінішті берген кезде маңызды емес.

10 - 21. Кезекке қою туралы өтінішті беру құқығы баланың заңды өкіліне ғана тиесілі: ата-анасына немесе заңды қорғаншы (қамқоршы). Өтініш беруші және бала туралы мәліметтер баланың ЖСН және заңды өкілдің ЖСН бойынша автоматтық түрде «электрондық үкіметтің» жүйелерімен ұсынылады. Заңды өкілдің туыстық байланысы мен құқықтары да автоматтық түрде анықталады.

10 - 22. ЖСН болған кезде ғана, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын өтініш берушілердің кезекке қою туралы өтінішті беру құқығы бар.

10 - 23. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын балалар ЖСН болмаса да, кезекке қойылуы мүмкін. Бұл жағдайда өтініш беруші баланың туу туралы куәлігінің скан-көшірмесін ұсынуға тиіс. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балалардың ЖСН болуға тиіс.

10 - 24. Кезектен тыс немесе бірінші кезектегі жеңілдік расталған жағдайда, бала кезекте жеңілдігі бар орынға үміттенуі мүмкін. Егер бірінші кезектегі жеңілдіктер болса, жүйе олардың болуын автоматтық түрде айқындайды. Кезектен тыс жеңілдікті растау үшін өтініш беруші тиісті құжаттың скан-көшірмесін қосуға тиіс.

10 - 25. Кезектегі өтініштің шектелген қызмет ету мерзімі бар. Жыл сайын күзде кезекті тазарту рәсімі өткізіледі, оның нәтижесінде көнерген өтініштер кезектен стоп-параққа жіберіледі. Бұл кезде егер өтініш беруші мектепке дейінгі ұйымнан орын алуда мүдделі болса, өз өтінішінің қызмет ету мерзімін 12 айға ұзартуға тиіс.

Қорытынды ережелер:


10 - 26. Егер «электрондық үкіметтің» жүйелерінде өтінішті беру үшін қажетті ақпарат болмаса немесе ол дұрыс емес болса, өтініш беруші мәліметтерді жаңарту үшін уәкілетті органдарға жолығу керек.

10 - 27. Кезекке қойғаннан кейін өтініштердің кейбір деректемелері жария және жалпыға қолжетімді болып табылады.

10 - 28. Кезекке қою туралы өтінішті беріп, өтініш беруші ұсынылған мәліметтердің дұрыстығына және қолданыстағы заңнамамен танысқанына немесе таныспағанына қарамастан Қағидалардың сақталуына жауапты болады.

10 - 29. Осындай өтініш берілген баланың мүддесінде әрекет ететін заңды өкілдері болып табылмайтын адамдардың кезекке қою туралы өтінішті берулеріне тыйым салынады. Пайдаланушы тарапынан осындай әрекеттердің тіркелуі интернет-порталға қолжетімділікті бұғаттауға негіздеме болып табылады.

10 - 30. Қолданыстағы заңнаманы немесе осы офертаның шарттарын бұзып, кезекке қою туралы өтінішті беру фактісін айқындау өтінішті біржақты тәртіппен кезектен алып тастауға негіздеме болып табылады.

Егер бұзушылық фактісі мектепке дейінгі ұйымға жолдама алынғаннан кейін және/немесе мектепке дейінгі ұйыммен білім беру қызметтерінің шартын жасасқаннан кейін анықталған жағдайда, бұл жайт берілген жолдаманың күшін жою және жасасқан шартты автоматты түрде бұзу үшін негіздеме болып табылады.