Көмек және қолдау

Порталмен жұмыс істеудің пайда болатын сұрақтарына сұрақтар мен жауаптар

Көмек

Кезекке қою туралы өтініш бергенде қандай шектеулер бар?


Бір уақытта әрбір балаға қатысты кезекте бір ғана өтініш болуы мүмкін. Бүкіл ел аумағында бір ғана өтініш.

Бұл дегеніміз бір қаладан басқа қалаға көшкен кезде өтініш беруші осыған дейін берілген өтінішті кері қайтарып алуға және оны басқа қаланың кезегіне қайтадан беруге тиіс. Бұл ретте жаңа қалада (елді мекенде) алдыңғы орын сақталмағандықтан өтініш кезектің соңына қойылады. Қалалар мен олардың кезектері бір-бірімен байланысты емес.

Алайда өтініш берушінің немесе баланың тұрып жатқан жері қандай да бір қалаға электрондық өтінішті беру үшін шектеу болмайды. Демек, Шымкент қаласында тұрып жатқан өтініш беруші мен бала Нұр-Сұлтан қаласының кезегіне қою туралы өтінішті бере алады (егер алдыңғы өтініші Шымкент қаласының кезегінен алынып тасталса). Бұл тетік көшу және жаңа орынға әлеуметтік бейімделу мәселелерін алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ егер бала балабақшаға қабылданып, оған барып жүрген болса, қайтадан кезекке қою туралы өтінішті беру үшін ешқандай кедергілер жоқ. Себебі уақыт өте келе тіпті бір қаланың ішінде отбасы жағдайы өзгеруі мүмкін. Кез келген отбасы бір қаланың ішінде көшуі мүмкін, жаңа заманауи балабақшалар ашылуда, жеке меншік балабақшаны мемлекеттік балабақшаға немесе керісінше ауыстыру қажеттілігі туындауы мүмкін. Әлеуметтік жағдайды жақсарту – азаматтың заңды құқығы.

Алайда кезекке қою туралы өтінішті 6 жастан аспаған балаға ғана беруге болады. Бала жасының төменгі шегі жоқ. Кезекке қою туралы өтінішті баланың туу туралы куәлігін алғаннан кейін беруге болады.