Көмек және қолдау

Порталмен жұмыс істеудің пайда болатын сұрақтарына сұрақтар мен жауаптар

Көмек

Әлеуметтік желілердің пайдаланушыларымен жария оферта шарты


35 - 1. Осы құжат Instagram (bilim_webline) және Facebook (bilim.webline) секілді әлеуметтік желілердегі әлеуметтік топтардың жарғысы болып табылады. Жарғы топқа қатысушылардың мақсаттарын, өкілеттіктерін сипаттайды және олардағы нормаларды, мінез-құлық ережелерін белгілейді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жария оферта шартының бір түрі болып табылады.

35 - 2. Көрсетілген әлеуметтік топтарға жазылған, комментарий жасаған немесе осы топтың жарияланымдарына «лайк» басқан, repost жасаған, direct-ке хабарлама жіберген немесе осындай әлеуметтік топтардың ақпаратына немесе функцияларына жүгінген кез келген әлеуметтік желі пайдаланушысы дәл осылай конклюденттік әрекеттерді жасайды және сөзсіз және толық көлемде осы жарғының ережелерін қабылдайды.

35 - 3. E-ORDA платформасының құқық иесі аталған әлеуметтік топтарды ата-аналар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне пайдалы болатын Қазақстандағы балалардың білімі саласы туралы білім қорын қалыптастыру үшін коммерциялық мақсаттарда құрды.

35 - 4. Білім қоры дегенде пайдаланушылардың өз бетімен оқуына арналған мақалалар мен ең маңызды (біздің ойымызша) оқиғалар туралы хабарландыруларды түсіну қажет. Білім қоры техникалық қолдау қызметінің немесе консультация беру бойынша басқа да қызметтердің міндеттерін атқармайды. Білім қоры – бұл пайдаланушылардың өз бетімен оқуы барысында көмекке келетін «кітапхана». Сондықтан көптеген жағдайда пайдаланушылардың direct-ке жазған және комментарийлерде қалдырған сұрақтарына жауап берілмейді.

35 - 5. Білім қоры қоғамдық негізде құрылған және өз оқырмандары үшін тегін болып табылады. Білім қоры ешқандай мемлекеттік немесе басқа бір құрылымдармен және ұйымдармен байланысты емес. Білім қорындағы жарияланымдардың авторлары Қазақстан Республикасының заңнамасын және өз қоғамдық ұстанымын ғана басшылыққа алады.

Осыған орай үшінші тұлғалардың тарапынан кез келген қысым көрсету әрекеті және Білім қорының контентін модерациялау әрекеті уәкілетті органдарды тарта отырып жария кеңістікте дереу көрсетілетін болады.

35 - 6. Білім қорында жеке консультациялар жүргізілмейді және жекелеген пайдаланушылардың жеке проблемаларын шешу үшін және келіссөздерде көмек көрсетілмейді. Бұл мақсатпен ақылы заң кеңселеріне жолығу керек.

35 - 7. Білім қорындағы жарияланымдардың авторлары өздерінің дұрыс екендерін дәлелдеумен айналыспайды. Білім қорының барлық мақалалары мен консультациялары қолданыстағы заңнаманың нормаларына немесе оларды түсіндіру әрекетіне негізделген. Білім қорының жарияланымдары себеп-салдарсыз және егжей-тегжейлі түсіндірмей (бұл ақылы заң кеңселерінің қызметінің нысаны), бәріне түсінікті тілмен жазылған, нәтижеге алып келетін қорытындыларды қамтиды.

35 - 8. Білім қорындағы жарияланымдардың авторлары кімге консультация беретіндерін, кімге жауап бермейтіндерін өздері шешеді. Мақалалар мен комментарийлерде бірнеше рет қаралған сұрақтар жауапсыз қалдырылады.

35 - 9. Білім қорының жарияланымдарын шығару үшін әртүрлі салалардағы сарапшылар жұмыс жасайды. Бұл мақсатпен ауқымды жұмыс жүргізіледі, осыған орай олардың жұмысына құрметпен қарап, мына ережелерді сақтау қажет:
  1. Барлық адам қателесуі мүмкін, оның ішінде Білім қорындағы жарияланымдардың авторлары да. Егер пайдаланушыларға авторлардың пайымы ұнамайтын болса, пайдаланушылардың да, авторлардың да бұғанн құқығы бар. Авторлар заңнама мен сот тәжірибесіне негізделген жеке өздерінің көзқарасын жариялайды. Алайда ақиқатты сот қана орната алады.
  2. Даулы жағдайларда әрқашан заңнаманың өзіне жүгініп, нормативтік құжаттардың түпнұсқасымен танысу қажет.
  3. Пайдаланушылар Білім қорының жарияланымдарын оқыған кезде қандай да болмасын жағымсыз «жаңалықтарды» ашса да, бұл заңдарды жарияланымдардың авторлары шығармайтынын ұмытпау қажет. Авторлар қолданыстағы нормативтік талаптармен ғана таныстырады. Және егер пайдаланушыларға «заңның аты заң» деген қалыптасқан ахуал ұнамаса, мемлекет азаматтары мен резиденттерінің құқықтарымен қатар міндеттері де бар екенін естен шығармау қажет.
  4. Топтың оқырмандары мақалаларға қатысты өз пікірлерін білдіруі мүмкін. Алайда Білім қорының модераторлары жарияланымдардың тақырыбына тікелей қатысты және басқа пайдаланушылар үшін пайдалы болуы мүмкін комментарийлерді ғана қалдырады. Барлық қалған жағдайларда Білім қорына қажетсіз ақпаратты енгізбеу үшін артық ақпарат жойылады.
  5. Мақалалар мен жарияланымдардың авторлығын көрсетпей және бастапқы ақпарат көзіне сілтеме бермей, Білім қорының мақалаларын және басқа да медиаконтентті таратуға және тираждауға болмайды. Білім қорында жарияланған материалдардың барлығы «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен қорғалған және олардың құқық иелеріне тиесілі.
  6. Пайдаланушылар авторларға, модераторларға және бір-біріне сыпайы сөйлеуге және сындарлы болуға тиіс. Тіл тигізуге, агрессивті және менсінбей сөйлеуге, әдепсіз комментарий мен хабарламаларды қалдыруға болмайды.
  7. Білім қорының тақырыбына жатпайтын, зорлық-зомбылыққа, жыныстық, әлеуметтік, мәдени және басқа да белгілер бойынша кемсітуге үндеулерді қамтитын хабарламалар мен комментарийлерге тыйым салынған, жарнаманы жариялауға, пайдаланушыларды шатастыруға, сондай-ақ Білім қорын осы жарғыға сай келмейтін шағымдарды беру, әлеуметтік арандатулар және басқа да белсенді әрекеттер үшін алаң ретінде пайдалануға болмайды.
  8. Осы жарғының ережелерін бұзу үшін модераторлар пайдаланушыларды бұғаттауға және ескертулерсіз комментарийлерді жоюға құқылы. Модераторлар тіркелген бұзушылықтың дәрежесі мен түрі туралы шешімді өздері қабылдайды.

35 - 10. Назар аударыңыз. Біз барлық тараптарға консультация беріп, көмектесеміз. Ата-аналарға да, мектепке дейінгі ұйымдарға да. Алайда біз бірде-бір тарапты жақтамаймыз да, ізіне түспейміз де. Біздің міндетіміз – қолданыстағы заңнаманың нормалары туралы ақпарат беру. Қандай да болмасын.

35 - 11. Ол үшін мақалаларды жазу және әлеуметтік желілердегі сұрақтарға жауап беру үшін бірнеше департамент арнайы жұмыс істейді. Олардың бірі – заң департаменті. Біз бар ынтамен жұмыс істеген соң Сізден бір-бірлеріңізге және жұмысымызға құрметпен қарауыңызды сұраймыз. Және мынадай ережелерді сақтауыңызды өтінеміз: