Көмек және қолдау

Порталмен жұмыс істеудің пайда болатын сұрақтарына сұрақтар мен жауаптар

Көмек

Жүйе өтініш берушілерді қалай сәйкестендіреді?


Кезекке қою туралы өтінішті бергенде Indigo электрондық өтініштегі ақпараттың көбісін электрондық дерекқорлардан шығарып алып, өз бетімен толтырады. Ол үшін өтініш беруші өзінің және баласының ЖСН көрсету керек.

Алайда табысты сәйкестендіру және өтініш беру үшін Indigo өтініш беріліп жатқан баланың өтініш берушімен тікелей туыстық байланысы болғанын талап етеді. Яғни, бұл бала өтініш берушінің қызы не ұлы болуы керек. Баламен ешқандай заңдық байланысы жоқ өтініш беруші өтініш бере алмайды, себебі Indigo бала туралы ешқандай деректерді көрсете алмайды. Яғни, әжесі де, атасы да, ата-анасынан басқа ешбір адам балаға өтініш бере алмайды.

Егер баланы асырап алған болсаңыз, Indigo бұл ақпаратты да тексере алады. Және егер заңды өкілдің құқықтары расталса, ол өтініш бере алады.

Кейде ата-аналардың қолында баланың туу туралы қағаз куәлігі болса да, Indigo ата-ананы сәйкестендіре алмайтын жағдайлар туындайды. Осы жағдайлардың ықтимал себебі АХАЖ қызметкерлерінің қателігі болуы мүмкін. Белгілі бір себептерге байланысты қағаз куәлігі туралы ақпарат электрондық деректерге енгізілмей қалуы мүмкін немесе қате енгізілуі мүмкін. Бұл жағдайларда Indigo АХАЖ қызметкерлері электрондық дерекқордағы мәліметтерді жаңартпағанша өтінішті беруге мүмкіндік бермейді.