Жеке кабинетке баланың заңды өкілі – ата-ана немесе заңды қамқоршы (қорғаншы) кіре алады және кезекке қою туралы өтініш болған жағдайда ғана. Жүйе жеке кабинетті өтініш беру кезінде автоматтық түрде жасайды, сондықтан жеке кабинетке тіркелмей де кіруге болады.
Жеке кабинетке кіру үшін кезекке қою туралы өтінішті беру кезінде көрсетілген өтініш берушінің ЖСН және өтініш беру кезінде көрсетілген телефон нөміріне келетін sms-хабарламадағы код талап етіледі.