Көмек және қолдау

Порталмен жұмыс істеудің пайда болатын сұрақтарына сұрақтар мен жауаптар

Көмек

Жеке кабинетті пайдалану қағидалары


Осы Қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) заңнаманың талаптарына және осы интернет-портал жұмысының техникалық ерекшеліктеріне негізделетін, интернет-порталдың жеке кабинетін пайдаланатын тараптар жауапкершілігінің және білімдердің қысқаша жиынтығы.


Қағидалар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жария оферта шартының бір түрі болып табылады. Бұл дегеніміз осы ережелерімен келіскенін растаған пайдаланушы ескертулерсіз және ерекшеліктерсіз оларды толық көлемде орындауға міндеттенеді.

Преамбула:


20 - 1. Қағидалардың ережелері жеке кабинетті пайдалануға байланысты нормативтік актілер талаптарының толық сипаттамасы болып табылмайды. Сондықтан пайдаланушының Қағидалармен келісуі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын өз бетімен оқу, қолдану және сақтау үшін оны жауапкершіліктен босатпайды.

20 - 2. Қағидалар заңнама мен интернет-порталдың жетілу процестеріне орай өзгеруі мүмкін. Бұл ретте, Қағидалардың кез келген өзгерістері пайдаланушы тараппен келісілмей, оларды жариялау сәтінен бастап күшіне енеді.

20 - 3. Пайдаланушы Қағидалардағы өзгерістер туралы пайдаланушының жеке кабинетіндегі оқиғалар таспасына тиісті хабарламаны жіберу арқылы хабарлануы мүмкін.

20 - 4. Қағидалардың өзгерістерімен келіспеген жағдайда, пайдаланушы интернет-порталдың жеке кабинетін пайдаланып, өз өтінішін кезектен қайтарып алуға және оның қолданылуын тоқтатуға құқылы.

Жеке кабинеттің тағайындалуы және ашылуы:


20 - 5. Жеке кабинет — бұл пайдаланушының жеке жұмыс кеңістігі. Ол пайдаланушыға немесе оның баласына қатысты архивтік және қызметтегі құжаттарды қамтиды. Сондай-ақ жүйенің анонимді орындалуы мүмкін емес және алдын ала авторизациялауды талап ететін бірқатар функциялары мен командалары.

20 - 6. Жеке кабинет мектепке дейінгі ұйымнан орын алу үшін кезекте тұрған немесе өз жұмысында дәл осы интернет-порталды пайдаланатын мектепке дейінгі ұйымға баратын балалардың заңды өкілдеріне арналған.

20 - 7. Интернет-портал пайдаланушы кезекке қою туралы алғашқы өтінішті берген сәтте пайдаланушының жеке кабинетін автоматтық түрде жасайды. Өтініш берген пайдаланушы үшін. Жеке кабинеттің алғашқы ашылуы берілген өтініштің мәліметтерімен ашылады. Әрі қарай жеке кабинеттің барлық баптаулары тікелей кабинеттің өзінде жүргізіледі.


20 - 8. Интернет-портал мектепке дейінгі ұйым пайдаланушы осы ұйымға барып жүрген баланың заңды өкілі ретінде тіркеген сәтте пайдаланушының жеке кабинетін автоматтық түрде жасайды.


Қауіпсіздікті шектеу:


20 - 9. Бір мезгілде әр түрлі құрылғылар мен интернет-браузерлерден жеке кабинетке кіруге тыйым салынған. Интернет-портал жеке кабинетте жұмыс істеу үшін бір параллельді сессияға ғана рұқсат береді.

20 - 10. Авторизациядан кейін жеке кабинетте 30 минут бойы пайдаланушылық белсенділік болмаған жағдайда, оның сессиясы автоматтық түрде үзіледі.

20 - 11. Жеке кабинет өздігінен жеке кабинетте тіркелген, баланың туу туралы куәліктерінің мәліметтеріне және баланы кезекке қою немесе мектепке дейінгі ұйымға қабылдау мән-жайлары туралы ақпаратқа ие кез келген тұлға:
  1. жеке кабинетте тіркелген және инициализация үшін қолданылатын ұялы телефонның нөмірін ауыстыруға;
  2. құпиясөздерді ауыстыруға және жеке кабинетке қолжетімділікті қалпына келтіруге;
  3. жеке кабинетті бір ата-анадан басқасына қайта рәсімдеуге;
  4. жеке кабинетте басқа өтініш беруші берген баланың өтінішін жүктеуге құқығы болатындай жасалады және ретке келтіріледі.


Жеке кабинеттің функцияларына және оның құжаттарымен жұмыс жасауға (өтініштер, жолдамалар және т.б.) қол жеткізудің барлық туындайтын салдарларымен. Қажет болған жағдайда, жеке кабинетті пайдаланушы тізбектелген операцияларды бұғаттай алады және оларға тыйым сала алады.


20 - 12. Жеке кабинет иесіне тиесілі емес ұялы телефон нөмірлерін көрсетуге тыйым салынады.

20 - 13. Жеке кабинетте оған бекітілген мобильді телефон нөмірлерін күнтізбелік 40 күнде бір рет қана ауыстыруға жол беріледі.

20 - 14. Жеке кабинетті пайдаланушы жеке кабинетті өзі ғана пайдалануға және басқа тұлғаларға өз кабинетіне кіру үшін тіркеулік деректерді бермеуге міндетті. Сондай-ақ құпиясөздерді өзгерту үшін талап етілетін және жеке кабинетті мәжбүрлеп иемдену үшін қолданылуы мүмкін деректерді басқа біреулерге бермеуге міндетті.

Пайдаланушының жеке кабинетінде жүргізілген іс-әрекеттер үшін бүкіл жауапкершілік, оларды кім жүргізсе де, жеке кабинеттің иесіне жүктеледі.

20 - 15. Жеке кабинетті пайдаланушы жеке кабинетке кіру үшін бұзуға келмейтін ұзын әрі күрделі құпиясөздерді орнатуға міндетті.

20 - 16. 60 минуттың ішінде жеке кабинеттен құпиясөздің қатарынан үш рет қате енгізілуі жеке кабинетті бұғаттау үшін негіздеме болып табылады. Кабинет 4 сағатқа бұғатталады және автоматтық түрде алынып тасталады. Дәл сол тәулікте жеке кабинеттің келесі бұғатталуы бұғаттау ұзақтығының кезеңін 10 сағатқа дейін ұлғайтады.


20 - 17. Төменде тізбектелген операцияларды орындау үшін мәліметтердің қатарынан үш рет қате енгізілуі жеке кабинетті бұғаттау үшін негіздеме болып табылады:
  1. жеке кабинетте тіркелген және инициализация үшін қолданылатын ұялы телефонның нөмірін ауыстыру;
  2. құпиясөздерді ауыстыруға және жеке кабинетке қолжетімділікті қалпына келтіру;
  3. жеке кабинетті бір ата-анадан басқасына қайта рәсімдеу;
  4. жеке кабинетте басқа өтініш беруші берген баланың өтінішін жүктеу.

Кабинет 4 сағатқа бұғатталады және автоматтық түрде алынып тасталады. Дәл сол тәулікте жеке кабинеттің келесі бұғатталуы бұғаттау ұзақтығының кезеңін 10 сағатқа дейін ұлғайтады.
20 - 18. Баланың заңды өкілдері болып табылмайтын немесе жеке кабинеттің иесі болып табылмайтын бөтен адамдардың кезекке өтініш беруге немесе мектепке дейінгі ұйымға жолдама алуға байланысты заңнама ережелерін, осы оферта ережелерінің жиынтығын бұзуы, боттарды, интернет-порталда жинақталатын ақпаратқа заңсыз қолжетімділікті пайдалану, интернет-порталдың өнімділігін шектеу, өндірушінің рұқсатынсыз интернет-порталдың скриндерін (суреттерін) және медиа-контентін тарату пайдаланушының жеке кабинетін 6 ай мерзіміне бұғаттауға негіз болып табылады.

Бұзушылықтардың анықталған мән-жайлары бойынша ешқандай өтініштер мен түсініктемелер соттың заңды күшіне енген шешімін қоспағанда жеке кабинеттің бұғатталуын мерзімінен бұрын алып тастауға негіздеме бола алмайды.


20 - 19. Пайдаланушының заңнама ережелерін және интернет-портал тарапынан белгіленген ден қою шараларына қатысты осы оферта ережелерінің жиынтығын бұзуының ескіру мерзімі жоқ және жеткілікті дәлелдер болғанда, кез келген уақытта іске асырылуы мүмкін.



Жеке кабинетке кіру үшін құрылғыны тіркеу:


20 - 20. Жеке кабинеттің инициализациясы кезінде бірінші кіргенде интернет-портал құрылғыны тіркеуді талап етеді. Бұл тіркеу жеке кабинетті ұялы телефонмен, компьютермен немесе планшетпен, сондай-ақ кіруге мүмкіндік берген интернет-браузермен байланыстырады. Және әрі қарай осы құрылғы мен нақты интернет-браузерден басқа, еш жерде жеке кабинетті пайдалануға мүмкіндік бермейді.

20 - 21. Құрылғы жоғалған, бұзылған, бағдарламалық қамтамасыз ету қайта ортанылған жағдайда және пайдаланушының басқа әрекеттері нәтижесінде құрылғыны ауыстыру немесе оны жеке кабинетпен қайта байланыстыру талап етілуі мүмкін. Интернет-портал бұл операцияға жол береді.

Бұл ретте, мынадай шектеулер бар. Құрылғының әрбір кейінгі тіркелуі (қайта тіркелуі) алдыңғы тіркеу жүзеге асырылған сәттен бастап күнтізбелік 5 күннен бұрын жүргізілмейді. Және күнтізбелік 30 күн ішінде 2 тіркеуден артық емес.

20 - 22. Интернет-портал консультациялар және пайдаланушыларды оқыту үшін қолданылатын құрылғылар арқылы күн сайын жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-ден бастап 18.00-ге дейін бұрын өзге құрылғылармен байланыстырылған (тіркелген) кез келген жеке кабинеттерде авторизациялануға мүмкіндік береді. Егер пайдаланушының авторизациялау үшін қажетті тіркеулік деректері болса. Бұл құрылғылардың тізілімі шектелген және оны қызмет көрсетуші аккредиттейді.


Қорытынды ережелер:


20 - 23. Егер жеке кабинетке кіру деректері басқа біреулерге белгілі болып қалған жағдайда, пайдаланушы жеке кабинетті пайдаланушының атына рәсімдеу мүмкіндігін қарастыру туралы өтінішпен қызмет көрсетушіге жолыға алады. Ол үшін жеке басты куәландыратын құжаттың түпнұсқасын және тиісті жеке кабинетте тіркелген баланың мүдделерін білдіру құқығын растайтын құжаттың түпнұсқасын ұсыну талап етіледі. Қызмет көрсетуші өтініштің мән-жайларын қарап, өтінішті қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.

Қызмет көрсетушінің шешіміне қарамастан қызмет көрсетуші осындай оқиға туралы мәліметтерді уәкілетті органдарға ұсынуға тиіс. Ал өтініш беруші жеке кабинеттің тіркеулік деректерін бөтен тұлғаларға беру үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауап береді.

20 - 24. Барлық құжаттар және пайдаланушының жеке кабинетінің өзі бала мектепке дейінгі ұйымға орын алу кезегінен шығып кеткеннен кейін де немесе мектепке дейінгі ұйымға баруды тоқтатқаннан кейін де қызметін жалғастыра береді. Жеке кабинеттің мәліметтерді сақтау ұзақтығы қызмет көрсетуші тарапынан интернет-порталды пайдалану ұзақтығымен ғана шектеледі.