Көмек және қолдау

Порталмен жұмыс істеудің пайда болатын сұрақтарына сұрақтар мен жауаптар

Көмек

Бұл бөлімді қалай пайдалануға болады?


Бос орындар тізілімі – барлық жас санаттарындағы және барлық қолжетімділік түрлеріндегі барлық бос орындарды қамтиды. Мектепке дейінгі ұйымдарға орын бөлу және жолдамаларды беру процесі тоқтаусыз жүреді. Әр күні таңғы сағат 07.00-де тізілімге мектепке дейінгі ұйымдарда өткен тәулікте босатылған орындар түседі. Сол себепті аталған тізілімдегі ақпарат үнемі өзгеріп отырады.

Тізілімдегі барлық орындар екі санатқа бөлінген:

  • Басымдық кезегіндегі орындар
  • Еркін кезектегі орындар

Таңертең тізілімге түсетін барлық жаңа орындар алдымен басымдық кезегіне түседі. Жолдама алу үшін бұл орындарға орындардың санына пропорционалдық түрде кезекте бірінші болып тұрған өтініш берушілер ғана қол жеткізе алады.

Басымдық кезегінің мерзімі аяқталған соң қалған орындар еркін кезекке өтеді. Және оларды өз кезегіне қарамай кезекте тұрған кез келген өтініш беруші пайдалануы мүмкін. Әдетте басымдық кезегінің ұзақтығы 3 жұмыс күнді құрайды, бірақ білім басқармасы (бөлімі) бұл мерзімді өзгертуі мүмкін.

Басымдық кезегіндегі орындарды қарап отыру үшін сүзгі теңшеулерін пайдаланыңыз. Олардың әрқайсысы үшін еркін кезекке өтетін күні көрсетіледі. Бұл ретте басымдық кезегіндегі күндері оған өтініш берілмеу керек.