Көмек және қолдау

Порталмен жұмыс істеудің пайда болатын сұрақтарына сұрақтар мен жауаптар

Көмек

Мемлекеттік балабақшалардың жеке меншік балабақшалардан қандай айырмашылығы бар?


Меншік нысанына қарай балабақшалар мемлекеттік және жеке меншік болуы мүмкін .

Мемлекеттік балабақшалар мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады және әдетте олардың үлгілік жоба бойынша салынған жеке ғимараттары болады. Осындай ғимараттарда үлгілік жоба деңгейінде балаларды тәрбиелеуге байланысты қажеттінің барлығы көзделеді. Өрт қауіпсіздігі мәселелерінен бастап кең аумақ пен бассейндерге дейін және санитариялық нормалардың сақталуына дейін.

Мемлекеттік балабақшалар – бұл коммерциялық емес ұйымдар, яғни, балабақшаның қызметтері үшін ең төмен төлем қарастырылған. Ата-аналар бекітілген тарифтерге сәйкес баланың азық-түлік кәрзеңкесіне (тамақтануына) ай сайын ақша төлейді. Педагогтердің жалақысын қаржыландыру, коммуналдық қызметтер және балабақшаның басқа да материалдық-техникалық жабдықталуы мемлекет есебінен жүзеге асырылады.

Азық-түлік кәрзеңкенің құны баланың жас тобына және балабақша орналасқан қалаға байланысты болады. Бағалардың өсуіне және елдегі экономикалық ахуалға қарай азық-түлік кәрзеңкенің құны өзгеруі мүмкін. Дегенмен мемлекет әдетте бағалардың өсуін жасанды түрде тежеуге және тамақтану құнын жылына бір рет қайта қарауға тырысады.

Жеке меншік балабақша – бұл коммерциялық ұйым, оның мақсаты кіріс табу болып табылады. Сол себепті осындай ұйымдардағы қызметтердің құны мемлекеттік мекемелерден айтарлықтай жоғары болып келеді. Ата-аналардың төлемдері жеке меншік ұйымды қаржыландыру негізі болып табылады және ғимараттың алаңынан және коммуналдық қызметтердің ақысынан бастап педагогтердің жалақысы мен топтағы балалардың санына дейін көптеген факторларға тәуелді болады.