Көмек және қолдау

Порталмен жұмыс істеудің пайда болатын сұрақтарына сұрақтар мен жауаптар

Көмек

Менің кезегім неліктен ұзарып бара жатыр?


Кезек белгілі бір аумаққа, яғни, қалаға, ауылға тиістілік бойынша құрылады. Сіз нақты бір балабақшаға емес, ал қаладағы барлық балабақшаларға бір мезетте кезекке тұрасыз. Бұл барлық балаларға қатысты.

Қаланың ішінде кезек баланың туған жылы бойынша құрылады. Туған жылы бойынша кезектің ішінде кезек өтініштің берілген күніне қарай құрылады. Өтінішті ертерек бергендердің басымдығы осында жатыр.

Сондай-ақ кезекте неше түрлі жеңілдіктері бар адамдар да бар, олардың балаларының кезектегі орны басым: кезектен тыс тұрғандар және бірінші кезектегілер. Осындай өтініштер бір-біріне қатысты өтінішті беру күніне және уақытына қарай сұрыпталады. Жалпы кезекке қатысты олардың басымдықтары бар, бұл жөнінде біз осыған дейін жазған едік.

Сіздің кезегіңізге не әсер етеді?

  • Қаладағы ағымыңызда жеңілдіктері бар балалардың болуы;
  • Қалаңызға жеңілдіктері бар балалардың көшуі;
  • Балабақшаларда бос орындардың болуы не болмауы.

Осыған сүйене отырып, кезек алға да жылжуы мүмкін, кері де қайтуы мүмкін. Яғни, балабақшаларда балаңыздың жасы мен оқу тілі бойынша сай келетін топтарда босаған орындардың санына қарай және сізбен бірге кезекте тұрған және жеңілдіктері бар адамдардың санына қарай.