Осы Қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) интернет-порталды техникалық қолдау бойынша тараптар жауапкершілігінің және білімдердің қысқаша жиынтығы.
Қағидалар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жария оферта шартының бір түрі болып табылады. Бұл дегеніміз осы ережелеремен келіскенін растаған пайдаланушы ескертулерсіз және ерекшеліктерсіз оларды толық көлемде орындауға міндеттенеді.
Преамбула:
30 - 1. Қағидалар заңнама мен интернет-порталдың жетілу процестеріне орай өзгеруі мүмкін. Бұл ретте, Қағидалардың кез келген өзгерістері пайдаланушы тараппен келісілмей, оларды жариялау сәтінен бастап күшіне енеді.
30 - 2. Пайдаланушы Қағидалардағы өзгерістер туралы пайдаланушының жеке кабинетіндегі оқиғалар таспасына тиісті хабарламаны жіберу арқылы хабарлануы мүмкін.
30 - 3. Қағидалардың өзгерістерімен келіспеген жағдайда, пайдаланушы интернет-порталдың жеке кабинетін пайдаланып, өз өтінішін кезектен қайтарып алуға және оның қолданылуын тоқтатуға құқылы.
Жалпы ережелер:
30 - 4. Өндіруші интернет-порталды техникалық қолдауды төменде баяндалған қағидаларға сәйкес өтеусіз негізде ұсынады және бұл өндірушінің әлеуметтік миссиясы болып табылады.
30 - 5. Егер пайдаланушыға осы Қағидалардың шеңберінен шығатын сервистің деңгейі немесе қызметтер талап етілсе – ол тікелей қызмет көрсетушіге жолыға алады немесе осындай қызметтерді өндірушіден ақылы негізде сұрай алады.
30 - 6. Техникалық қолдау құзыреттіктерінің шеңбері интернет-порталдың функцияларын техникалық пайдалану мәселелеріне ғана қатысты. Техникалық қолдау нормативтік, методологиялық және басқа мәселелер бойынша консультацияларды бермейді. Және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметіне қатысты орын алған жағдайларды, пайдаланушылардың күдіктерін тергеуді және талдауды жүргізбейді, өзінің құзыреттілігін дәлелдемейді және интернет-портал жұмысының дұрыстығына сендірмейді.
30 - 7. Өндіруші техникалық қолдау қызметкерлерінің саны, олардың біліктілігі және олардың болу нысандарының тегі туралы шешімді дербес қабылдайды.
Жұмыс регламенті:
30 - 8. Техникалық қолдау интернет-порталдың парақшаларынан интернет-чат режимінде қызмет етеді және телефонмен консультациялық қызметтерді ұсынбайды.
30 - 9. Техникалық қолдау жауабының жылдамдығы нормалауға жатпайды және консультанттардың жұмыс көптігіне байланысты. Пайдаланушылық сауалдар түсу кезегіне қарай өңделеді.
30 - 10. Техникалық қолдаудың жұмыс тәртібі Астана қ. уақытымен жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін шектеледі.
Міндеттемелер және шектеулер:
30 - 11. Техникалық қолдау жеке кабинеттерге кіру үшін пайдаланушылардың құпиясөздері мен тіркеулік деректерін ешқашан сұрамайды.
30 - 12. Техникалық қолдау интернет-порталдың тікелей пайдаланушыларына ғана қызмет көрсетеді және басқа ұйымдар мен тұлғаларға консультация бермейді.
30 - 13. Егер пайдаланушының өзі жеке деректерін бермесе ғана, техникалық қолдау пайдаланушының жеке деректеріне қол жеткізе алмайды.
30 - 14. Егер консультация барысында техникалық қолдау қызметіне әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы белгілі болса, техникалық қолдаудың құпиялылықты сақтау бойынша міндеттемелері болмайды.
30 - 15. Мектепке дейінгі білімнің нормативтік және методологиялық мәселелерін білу пайдаланушының міндеті болып табылады, ол үшін интернет-порталдың әлеуметтік желілерінде өз бетімен оқу үшін арнайы білімдер базасы жарияланады және жаңартылады.
30 - 16. Пайдаланушы техникалық қолдау қызметіне жолықпас бұрын интернет-порталдың парақшаларында орналастырылған нұсқаулықтарды, басшылықтарды және түсіндірмелерді оқуға міндетті.
30 - 17. Пайдаланушы техникалық қолдау қызметімен тілдескенде сыпайы және мәдениетті болуға, агрессияға жол бермеуге, тіл тигізбеуге, сондай-ақ деструктивтік және конструктивтік емес үндеулер мен тұжырымдарды қолданбауға міндетті.
30 - 18. Пайдаланушы өз сұрағын барынша толық және түсінікті етіп тұжырымдауға, мәселенің мәнін сауатты түсіндіруге, сол не басқа мән-жай туралы ақпаратпен қамтамасыз етуге және проблеманы бейнелейтін суреттердің скриншоттарын ұсынуға міндетті.
30 - 19. Техникалық қолдау осы Қағидалардың шарттарын бұзатын кез келген пайдаланушыға жауап бермеуге және оны бұғаттауға құқылы.