Осы Қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) заңнаманың талаптарына және осы интернет-портал жұмысының техникалық ерекшеліктеріне негізделетін, жолдама алу рәсіміне қатысатын тараптар жауапкершілігінің және білімдердің қысқаша жиынтығы.
Қағидалар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жария оферта шартының бір түрі болып табылады. Бұл дегеніміз осы ережелеремен келіскенін растаған пайдаланушы ескертулерсіз және ерекшеліктерсіз оларды толық көлемде орындауға міндеттенеді.
Преамбула:
15 - 1. «Мектепке дейінгі ұйымға жолдама алу» қызметінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметі мәртебесі жоқ. Аталған процесті нормативтік реттеудің барлық туындайтын салдарларымен.
15 - 2. Қағидалардың ережелері осы мемлекеттік көрсетілетін қызметпен байланысты нормативтік актілер талаптарының толыққанды сипаттамасы болып табылмайды. Сондықтан пайдаланушының Қағидалармен келісуі оны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын өз бетімен оқу, қолдану және сақтау үшін жауапкершіліктен босатпайды.
15 - 3. Қағидалар заңнама мен интернет-порталдың жетілу процестеріне орай өзгеруі мүмкін. Бұл ретте, Қағидалардың кез келген өзгерістері пайдаланушы тараппен келісілмей, оларды жариялау сәтінен бастап күшіне енеді.
15 - 4. Пайдаланушы Қағидалардағы өзгерістер туралы пайдаланушының жеке кабинетіндегі оқиғалар таспасына тиісті хабарламаны жіберу арқылы хабарлануы мүмкін.
15 - 5. Қағидалардың өзгерістерімен келіспеген жағдайда, пайдаланушы интернет-порталдың жеке кабинетін пайдаланып, өз өтінішін кезектен қайтарып алуға және оның қолданылуын тоқтатуға құқылы.
Жолдаманы алу шарттары:
15 - 6. Мектепке дейінгі ұйымға қабылдау үшін жолдаманы алу осы интернет-порталдың көмегімен ғана электрондық түрде және пайдаланушының жеке кабинетінде алдын ала авторизациялау арқылы ғана іске асырылады. Осыған орай жолдамаларды қағазға басып шығару және сақтау қажеттілігі мен мүмкіндігі жоқ.
15 - 7. Жолдаманы алу үшін бастама және жауапкершілік пайдаланушыға жүктеледі.
15 - 8. Жолдаманы алу үшін міндетті шарт тиісті мемлекеттік қызметті пайдалану арқылы баланы кезекке қою туралы өтінішті алдын ала беру болып табылады.
15 - 9. Оқу жылы бойы жолдаманы алу кезінде бала жасының балалар тобының жас кезеңіне сәйкестігі ағымдағы оқу жылы басталған күнтізбелік жылдың соңына қарай баланың толық жасы бойынша анықталады.
Оқу жылы аяқталғаннан кейін жазғы кезеңде жолдаманы алған кезде бала жасының балалар тобының жас кезеңіне сәйкестігі жаңа оқу жылы басталатын күнтізбелік жылдың соңына қарай баланың толық жасы бойынша анықталады.
Оқу жылы аяқталғаннан кейін жазғы кезеңде жолдаманы алған кезде бала жасының балалар тобының жас кезеңіне сәйкестігі жаңа оқу жылы басталатын күнтізбелік жылдың соңына қарай баланың толық жасы бойынша анықталады.
15 - 10. Жолдаманы беру өтініштің кезектен алынып тасталуына әкеледі, ол істен шыққан болып есептеледі және мұрағатқа жіберіледі.
15 - 11. Нақты елді мекен үшін бір баланың мүддесі үшін айына екі жолдама алуға мүмкіндік беріледі. Айлық мерзім ағымдағы күннен бастап есептелінеді, минус бір ай. Шектеу түзету және жалпы білім беру кезектері үшін бөлек қолданылады.
15 - 12. Заңнаманың талаптарына байланысты мектепке дейінгі ұйымға қабылдау үшін жолдаманы алу кезінде баланың мүдделерін құқықтары ресми түрде (нотариаттық) ресімделген оның заңды өкілі ғана білдіруі мүмкін. Яғни, бұл интернет-порталындағы жеке кабинеттің иесі ғана болуы мүмкін. Осыған орай жеке кабинеттің иелері болып табылмайтын бөтен тұлғалардың (адамдардың не бағдарламалық боттардың) жеке кабинетке кіруі және олардың көмегімен мектепке дейінгі ұйымға қабылдау туралы жолдаманы алу заңсыз операция болып табылады және ол берілген жолдаманың күшін автоматты түрде жоюға алып келеді.
Орындарды бөлу регламенті:
15 - 13. Интернет-портал мектепке дейінгі ұйымдарға орындардың бөлінуін басқарады, бірақ олардың босатылуына қатысты емес. Орындардың босатылуы және оларды бөлу үшін өткізу – мектепке дейінгі ұйымның жауапкершілік саласы.
15 - 14. Мектепке дейінгі ұйымдарда орындар күн сайын босатылады: балалардың көшуі, ата-аналар қалауларының өзгеруі және басқа себептер бойынша. Ағымдағы күні босаған орындар күн сайын сағат 18.00-де бұғатталады және интернет-порталға өткізіледі. Ата-аналар тәуліктің ішінде қалада орын алған өзгерістермен танысу үшін. Бұл орындар сағат 18.00-ден бастап келесі күннің таңғы сағат 7.00-ге дейін бұғатталып тұрады. Яғни, осы кезеңде интернет-порталға өткізілген жаңа орындар бөлінбейді. Барлық қалған орындар тәулік бойы жолдама алу үшін қолжетімді болады.
15 - 15. Әр таңның сағат 07.00-де интернет-портал жаңа орындардың бұғатталуын алып тастайды. Және жас кезеңдеріне қарай орындарды басымдығы бар кезек үшін тиісті кезектерге бөлуге өткізеді. Орындарға басымдығы бар қолжетімділікті кезектегі бос орындардың санына қарай кезектегі алғашқы N-өтініш беруші алады.
Мұндай өтініш берушілердің құқықтары бірдей және жолдаманы бірінші болып алуға үлгерген өтініш беруші алады. Басымдық кезегі 3 жұмыс күні бойы жалғасады. Басымдық кезегінің болуы мектепке дейінгі ұйымдарға орындарды кезектен және бірінші кезекте алуға жеңілдіктері бар санаттардың құқығын қамтамасыз ету болып табылады.
15 - 16. Басымдық кезегі күндері талап етілмей қалған орындар бөліну үшін жалпы кезекке түседі. Яғни, орын алу мүмкіндігі кезектегі орнына қарамастан, кезектегі барлық өтініш берушілерге тиесілі. Орынды жолдаманы бірінші болып алуға үлгерген өтініш беруші алады.
15 - 17. Интернет-портал күн сайын таңғы 6.30-дан бастап 7.00-ге дейін кез келген орындарға жолдаманы алуды бұғаттайды.
15 - 18. Бос орынды табысты таңдағаннан кейін пайдаланушыға осы орынға бронь орнату үшін 10 минут уақыт беріледі. Осы кезде пайдаланушы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау шарттарымен таныса алады. Және орынды таңдау пайдаланушы әрекеттерінің механикалық қателігінің салдары болып табылмайтынына көз жеткізуге тиіс.
Бронь қолданылған кезеңде орын бос емес болып саналады және басқа пайдаланушыларға бірден қолжетімсіз болады. Броньдау операциясының нәтижесі қабылдауға жолдаманы беру немесе бронь уақытының аяқталуы және орынды қайта бөлу үшін кезекке қайтару болуы мүмкін.
Бронь жойылған жағдайда орынның кезекке қайтарылуы белгіленген таймер біткеннен кейін бронь автоматты алып тасталған күннен кейін келетін келесі күнтізбелік күні таңғы сағат 07:00-де іске асырылады.
Бронь жойылған жағдайда орынның кезекке қайтарылуы белгіленген таймер біткеннен кейін бронь автоматты алып тасталған күннен кейін келетін келесі күнтізбелік күні таңғы сағат 07:00-де іске асырылады.
15 - 19. Интернет-портал пайдаланушыға жолдама алу үшін ұсынылатын бос орындарды алдын ала сүзгіден өткізеді. Таңдау үшін пайдаланушының кезектегі нөміріне байланысты болатын (басымдық және жалпы кезектер) және баланың жасына сай келетін орындар ғана қолжетімді болады.
Баланың тұрғылықты жері бойынша ешқандай шектеулер жоқ. Кезек жалпы қалалық болғандықтан, пайдаланушыға, егер мұндай орындар болса, сүзгілеу шарттарына жататын көптеген бос орындардың барлығы ұсынылады.
15 - 20. Берілген жолдаманың қызметі шектеулі – 5 жұмыс күні. Дәлелді себептер болған жағдайда, заңнамада белгіленген тізімге сәйкес өтініш беруші бұл жолдаманы оның соңғы күні тағы күнтізбелік 30 күнге дейін ұзарта алады.
15 - 21. Қызмет көрсетуші кезектен тыс жеңілдік негізінде берілген жолдаманы осындай жеңілдіктің негізділігіне және өзектілігіне қарай алдын ала тексереді.
15 - 22. Өтініш беруші жолдама берілген кезден бастап бір тәуліктен кешіктірілмейтін мерзімде алынған жолдаманың күшін жоя алады. Осыдан кейін жолдама жойылады, ал өтініш жеңілдіктің болуына немесе болмауына және өтініш берілген күнге сәйкес позицияға кезекке қайтарылады.
15 - 23. Мектепке дейінгі ұйым кезекке бөліну үшін түскен орындарды ішкі қажеттілігіне байланысты кері қайтарып алуы мүмкін. Оның ішінде, бұл орынға жолдама берілген болса да.
Қорытынды ережелер:
15 - 24. Уақыт мәндерімен байланысты интернет-порталдың барлық операциялары интернет-портал уақытының жеке эталондық таймері бойынша іске асырылады. Пайдаланушы дәл осы эталонды басшалыққа алуға тиіс. Интернет-портал уақытының эталон таймері интернет-портал қызмет ететін нақты елді мекеннің сағаттық белдігінің уақыт аумағын ескере отырып жұмыс істейді.
15 - 25. Интернет-портал егіз балаларға жолдама алуға арналған оңтайландырылған тәртіптің болуын көздейді.
15 - 26. Мектепке дейінгі ұйыммен білім беру қызметтері туралы электрондық шартты жасасқаннан кейін мектепке дейінгі ұйымға қабылдау туралы қандай да бір себептер бойынша күші жойылған жолдама осындай шартты автоматты түрде бұзуға алып келеді, себебі шартты жасасуға негіз болған жолдама заңсыз болып табылады.
15 - 27. Жолдаманы алғаннан кейін электрондық жолдаманың кейбір мәліметтері жария және жалпыға қолжетімді болады.
15 - 28. Пайдаланушы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау туралы жолдаманы алған кезде қолданыстағы заңнамамен танысқанына немесе таныспағанына қарамастан Қағидалардың сақталуына жауап береді.